АНАМА
блог
АНАМА
Жаны – бай, сөзі - май киелі деп білем,
Айтқан сөзі анамның жүйелі деп білем.
Қос қанатым - еңбек пен білімділік десем,
Дариды содан маған құт - береке деп білем!
Қалай, қашан қайтарымды сұрамай,
Жақсылықты жасадыңыз аямай.
"Ана, Сізбен мақтанам", - деп айқайлап,
Бар даусыммен айтқым келіп тұрады - ай.
Бір АЛЛАДАН қайтады деп сиынам,
Жыр боп, нұр боп бір өзіңе құйылам.
Қанша өлең арнасам да жетпейді,
Сіз дегенде қалайша мен тиылам?
Өтеп келем, аналық парызыңды,
Өтелмейтін есепсіз қарызымды.
Ер жеттім, Ана, ат жалын тартып мінуге,
Айта бер жасырмай-ақ бар сырыңды.
Ақыл, күш - өзіңнің бір тірегін,
Ауыр жүк көтертпеймін, білемін.
Қай қезде, қашан да аман жүр,
Тек қана осы ғой тілегім.
Осындай анаға бас иемін!