Аналар-ұлы адамдар,Құдай берген!

Аналар-ұлы адамдар,Құдай берген!

Анаң барың, жаның асыл, қорғаның,
Демеу берер, қиын шақта қолдағын.
Өмір есігін ашуды бақыт еткен,
Ардақты да, жәннәтың ол-ем дәрің!

Ауырғанда, жаны бірге ауырар,
Қуанғанда,сеніменен қуанар,
Жаныңнан табылады әр кезде,
Болашағыңа алаңдап, қолдау қылар.

Жақынына жамандық ойламайтын,
Түзу жолды ол әрдайым қалайтын,
Перзентінің шалыс басқан қадамын,
Кешіруді, ол әрқашан таңдайтын.

Түн ұйқысын төрт бөлген Аналарым!
Бақытты болуға лайықтысыңдар бәрің
Қызығын көріп ұл-қыздарыңның,
Нәсіп етсін сіздерге Жаратқан-таңым!

                    Тағыбай Ақерке                        Тұрарқызы



Бөлісу: