Ана тілім – ұлтым менен өмірімнің тірегі
жеке
блог
блог
Ана тілім – сенсің менің жайлы үнім,
Қазынам да,жауһар тасым,байлығым.
Бұл дүниеде сенсіз менің жоқ күнім,
Қадірсізбін,қайратсызбын,қашты өңім.
Ана тілім-ұлтым менен өмірімнің тірегі,
Сені құрмет тұтпау менен ысырудан беземін.
Түсінбейтін қадірін, менсінбейтін өз тілін,
Көргенде кейбір жанды өртенеді өзегім.
Кейбірі айтады керегі не ұрсып қазір ұрпаққа,
Ақпаратың орыс пенен ағылшынша,емес олар қазақша.
Бірақ, бей-жай қарай алмаймын ғұмырына тілімнің
Қазақ тілсіз ұлтым менің қазақпа?!
Ең алдымен,ойланғың,түсін досым
Ана тілің куә халық уайымына .
Куә ол қойнаудағы тарихыңа
Қалмағың туған тілдің айыбына.
Ана тілді, жас ұрпақ, құрметтейік,
Туған тілдің қасиетін кірлетпейік.
Аманатқа "Тіл" деген түзу қарап,
Болашаққа тіліммен бір жетейік!