Алматы қаласы мектептерінің оқушылары аудандық кезеңінде 3 оқушыдан қалалық кезеңге іріктелуде. Алатау ауданы бойынша өткен байқауда 300-дей оқушы қатысып, ақтық мәреге 3 жүйрік жарысып оза шықты. Солардың бірі №180 жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы Абсатар Аружан. Бастауыш сыныптан бастап, өзінің шығармашылық қабілетімен танылған Аружанның әр жылдары қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен түрлі байқауларға қатысып, жеткен жетістіктері өте көп. Солардың ішінде "Зерде" балалардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар байқауынан 2-орын, "Мен әлемді танимын " қалалық зерттеу жобасы 3-орын, Gerodotus дүние жүзі тарихы пәнінен байқауда 1 орын, Абай -Шәкәрім оқуларының "Өлең- сөздің патшасы,сөз сарасы"номинациясының жүлдегері, Алатау аудандық Абай оқуларының 2-орын иегері, Алатау аудандық Абай -Шәкәрім оқуларының бас жулде иегері, қалалық Абай-Шәкәрім оқуларының бас жүлде иегері, Семейде өткен 18 ші республикалық Абай-Шәкәрім оқуларының жүлдегері, Алатау аудандық Шәкәрім оқуларының бас жүлде иегері және қалалық Шәкәрім оқуларының бас жүлде иегері болған. Әр сайыстан Аружанның жады толығып, есте сақтау қабілеті мен жыр айту мәнерін жетілдіріп отырды. Биыл мамыр айында Алпамыс батыр жырын жатқа айтудан байқауда өз бағын сынап көруде. 3 ай бойы талмай, демалыс уақытын тек жырды жаттауға арнаған Аружан еңбегін нәтижесін көріп жатыр. Аудандық сайыста ол 2 кезеңге 15 оқушымен бірге суырылып алға шықты. Ақтық кезеңде 5 оқушы бір-бірімен жыр айтудан жарысып, 3 оқушының 102 беттік кітапты толығымен жаттағанына, өз мәнеріне салып әдемі орындағанына куә болдық. Абсаттар Аружан бұл сайыста 1-орынға ие болып, қазылар алқасының мақтауына лайықты деп саналды. Қазақтың қаршадай қызы Түркі қағанаты дәуіріндегі қазақ батырының ерлігі мен сол замандағы әлеуметтік шиеленісті, салт-дәстүр мен махаббатқа толы хикаяны өз нақышына келтіріп, көрерменге шынайы жеткізе алды. Алпамыс батырдың сүйген жары Гүлбаршын тәрізді арулар әлі де кездесетінін дәл осы оқушы дәлелдей алды деп ойлаймын. Қалалық кезеңде Абсатар Аружанға сәттілік пен мықты жігер тілейміз. Алға, Аружан!