Ол есімде.
Алыстағы
Таулары, қыраттары.
Тіпті күн күркіресе,
Таң атқаны.
Тіпті есімде
Алғашқы армандарым:
Базарға барар жол кезінде
Алданып
"Медеуге!",- деп қуанғаным.
Енді есімде:
Бір көшеден екіншіге
Жер асты жолыменен баратқаным.
Шіркін-ай,
Алматының апорттары!
Бірақ, әттең! Біреуі де аузыма сыймай,
Коляскада дөңгелетіп құлатқанмын.
"Мама, маған әперші",- деп
ойыншықты
"Көк базарда" жүйкесін көп жұқартқаным.
Есімде әлі,
Бес жасымда бірінші рет
Сұңғақ бойлы көк шыршаны ұнатқаным.
Әлі есімде:
Туған күнде
Лай-лай, балшық жерді баспай,
Жүгіргенде: шар жоғары, мен төменге,
Әрі қарай есімде жоқ... Бала болғанмын.
Мен үстінде "канатная дорогамен"
Алматының көгінде
Қанаттандым.
Мен көрдім
Күртешемнің түсіндейін
Жалындап қызғылт-сары күн батқанын!
Түсіме кіреді Алматымның
Елу жылдық ескі үйлер қабаттары...
Алматы,
Күтші мені,
Келемін мен! Мен әлі
Саған талай ораламын!
Фото: М. Золотухин