Ақындық туа біткен өнер
жеке
блог
блог
Тербейсің-ау кейде менің жанымды,
Бөгейсің-ау басқа шауып қанымды.
Қара өлең қасиетім менен қадірім,
Шарпитұғын оттай болып жалынды.
Сырың болса сырыңды айт,сырласам
Ақыл айтам егер мені тыңдасаң.
Ақылымды қара өлеңмен жеткізіп,
Артық болмас Мұқағали боп жырласам.
Өлең екен шыңға биік өрлетер,
Өлең екен жаныңды бірден тербетер.
Толғандырып жатыр мені,сан сауал
Көнеміз ғой,одан басқа жоқ амал.
Бірі жатыр жүрегімді шымшылап,
Кеудемдегі еріместей бір қырау.
Жолы қиын мына ,қатал тағдырдың,
Жұмбағы бар биік жатқан сан қырдың.
Орны бар жүректегі әр сырдың,
Жолы қиын мына, қатал тағдырдың.