Ақындардың өмірге сауалы көп

Ақындардың өмірге сауалы көп
Бірақ, бірақ олардың жауабы жоқ.
Сауалына өлгенше жауап іздеп,
Омырауын ойлардың сауады кеп. Өлеңі - көк теңізден тереңірек
Ақындардың өмірге берері көп.
Жырын оқып айтпағын ұғына біл,
Одан асқан сый оған керегі жоқ. Далаға - дос, жүрегін қалаға - жат
Жүреді ылғи бейшара жаралап ап.
Қолдаушысы жанының жалғыз Алла,
Қорғаушысы барының қара қазақ. Ашуланса қар жауған қабағынан
Ақын! Ақын! Туғаннан жаралы жан.
Ақиқатты жеткізу парыз оған,
Қып-қызыл қан тамса да қаламынан. 04.05.2016 жыл
© Мирас ҚАДЫРМҰРАТ
15:15:36


Бөлісу: