Ақын рухына арнау

Ақын рухына арнау
жеке
блог

Өмір деген биік мына белестің,

Асуынан асып, шыңнан жел естің.

Ақындықтан алаулаған жүрегің,

Арамыздан, әттең, неге ерте өштің!

 

Асау аттай өз тізгінін бермеген,

Фариза қыз өлеңімен ерлеген.

Жырларыңды жаттап, мәңгі жүректе,

Ұрпақтарың ұмытпайды! Мәңгі өлең!

 

Фариза, Фариза қыз, Фариза апа,

Жан бар ма, өзіңіздей асқан дара,

Құлазыған жаныңа өлең демеу,

Өлеңменен  өрілген сөзің дана.

 

Шыңдардың шыңындағы асыл арман,

Бойдағы қуаттылық сенен қалған.

Сен мәңгісің, өлген жоқ өлеңдерің,

Қазақтың қайсар қызы Фаризажан!