Ақиық ақын ағама
Мұқағали - асылдардың киігі,
Мұқағали - өлең-жырдың өр биігі.
Мұқағали - жадымыздың сақтанышы,
Мұқағали - халқымның мақтанышы.
Парасатты бойыма сіңіремін,
Әрқашан кітабына үңілемін.
Кей кезде құлазыған сәттерімде,
Қасиетті өлеңіне жүгінемін
Мұқағали - өлең жырдың шырағы,
Асыл сөзі - таудың әсем бұлағы.
Сөздің нәрін сізден ұғып түсіндік,
Қара өлеңнің қасиетті пырағы.
Мен үшін Мұқағали дара тұлға,
Тұла бойы толы еді өлең-жырға.
Асыл сөздің, гауһар ойдың тұнығы,
Барша жұрт біледі сендей ақын ұлыны!