Әке туралы
жеке
блог
блог
«Бала» десе жүрегі елеңдеген,
Алақанда аялап мәпелеген.
Тәй-тәй басып жүгіріп, жығылғанда,
«Орныңнан тұр, көтер басты, балам», - деген.
Асқар тауың, тірегің өмірдегі,
Ырысың ғой үйіңнің төріңдегі.
Қатал болып көрінгенмен бейнесі
Мейіріммен тулап жатыр жүрегі.
Ақ үмітке байлап арман-тілегін,
Түсіне алмас ешкім әке жүрегін.
Жатсаң-тұрсаң Алладан жалбарынып,
Жанұяңның амандығын тіледің.
Жүрегіңе көп қой әке түйгенің,
Көп болды ғой қайғырғаның, күйгенің.
Балаң үшін фәнидегі жалғыз бақыт –
Әке сенің аман болып жүргенің.