Әжеме сағыныш...

Әжеме сағыныш...
жеке
блог

Асыл әжем... 

Сағындым жылы жүзіңді, 

Сеземісің сағынған байғұс қызыңды. 

Жүрек сыздап, лезде көңіл дір етіп, 

Жылап қалам ойласам бір сәт өзіңді. 

 

Сезесің бе сені ойлай беремін, 

Ойлай беретінімді бөліспедім, үндемедім. 

Әлі де есте өзіңмен өткен әрбір сәт, 

Өзіңмен өткен балалық шағым кемелім. 

 

Асыл әжем... 

Есіңде ме сәттер сырласқан, 

Ақылың менен ақ тілегің шыңдасқан. 

Қорықпаушы едім өзің барда жанымда, 

Төнседе дағы, найзағайлы мұңды аспан. 

 

Жасырынушы едім, артыңа анам ұрысса, 

Ұрысса әкем, біртүрлі көңіл тырысса. 

Барушы едім, бала жүрекпен мұң шағып, 

Айтшы әжетай деп олардікі дұрыс па? 

 

Асыл әжем... 

Иісің әлі есімде, 

Есімде бірге барған тойлар кеші де. 

Қалдырмаушы едің бір елі өз қасыңнан, 

Сағынып сені жатырмын кереуетіңде. 

 

Сағындым әже ұйықтайтын бірге кездерді, 

Сағындым талай сұрақ қоятын кездегі... 

Шаршасаң-дағы, ұйқың қысып жатқың кеп, 

Жауап берген сұрақтарыма сөздерді. 

 

Асыл әжем... 

Сағындым құрт-майыңды, 

Мектептен келсем, дайын тұратын шайыңды. 

Басымнан сипап өзіңдей іздеп қазірде, 

Сағынбас ешкім, дәйім сұрап жайымды. 

 

Айтушы едің, оқиғаңды, өткен жайыңды, 

Ұнатушы едім сан сұрақтар қоюды. 

Ұмытпаушы едің ақыл құйып көкейге, 

Жақсыға баулып, жамандықтардан тиюды. 

 

Асыл әжем... 

Алты жыл өтті лезде-ақ, 

Алты жыл өтті оралмас сол бір кездер-ақ. 

Еркелейтін бұзық боп, жасап қателік,

Алаңсыз сәт өтті сен бар кезде ғажап. 

Есейіп бүгін кішкентай қызың көрмедің, 

Он бірге өтті өткенге қол сермеп-ап. 

 

Сағындым... 

Әжеу... 

Ақ түскен сұрғыш шашыңды, 

Майлап қоятын сиректеу қоңыр қасыңды. 

Жұбататын бар ма біреу жанымды, 

Қалай жұбанам, кім сүртеді жасымды. 

 

Әжетайым... 

Атам жайлы әңгімеңді сағындым. 

Сағыныштан сарғайғанға салындым. 

Немереңе айтқан әлди орнына, 

Пайдасы көп илаулаңды сағындым. 

 

Әже...

Сағындым шымшып, ұрысқаныңды,

Тез қабылдап, қырсық боп тырысқанымды. 

Кіршіксіз таза бала көңіл сезім бе? 

Тез ұмытып, қайта кеп жылысқанымды. 

 

Әжетайым, 

Мәңгі есте қаласың, 

Ешкім жазбас жүрегімнің жарасын. 

Тілеу ғана келер менің қолымнан, 

Тот баспасын жүрек сезім қаласын.