Ағамның 20 өлеңі немесе көп жырларым махаббат
блог
Сезім
Кеудемде бар, бір тылсым күш сезім деген,
Мен мұны бұрын қалай сезінбегем.
Сол сезімнің алауын, өзің жақтың,
Арпалысып жүрсін дедіңбе, сезімменен.
Иә, сезімім ақылыма бағынбайды,
Махаббатым, жүрегімде жалындайды.
Жүрегің, қамал меді тастан тұрған,
Жүрек толы сезімге алынбайды.
Сұлусың, қылықтысың, көрікті едің Ғашық қылып, жан дүниемді өртедің.
Ұмыт мені, дейсің сен оңай ғана
Сезімге сен қарсы тұрып көріппедің.
Білемін, тым тәкаппарсың, кішірмейсің,
Мендегі шын сезімдерді түсінбейсің.
Ғашық болғым келмейді, сірә бұлай,
Амал не, жүрек сүйсе сені құлай.
Байқадым, сезім жоқ сенде мені іздеген,
Тізгіндеймін жүректі сені іздеген.
Жүрегімді жұлып алып лақтырайын,
Махаббат жоқ, қайғы жоқ теңізге мен.
Тынышталар жүрегім сонда менің,
Ұмытармын, бейнеңді сұлу сенің.
Сүйгеніңмен өмірде бақытты бол,
Сүйгеніме шын жүректен тіледім.!
Қырсық қыз
Сүйдің мені, өмірлік жарым дедің,
Сенде менің, басымдағы бағым едің.
Көп еді, таудан биік арманымыз,
Сағынумен атушы еді таңдарымыз
Ұмыттыңба, сен мені кешірмедің,
Қайда қалды маған деген сезімдерің.
Шынымен ақ жүрегіңнен өшірдіңбе.
Сүйемін өмір бойы, деуші едің.
Сезімің, суыдыма мен деп жанған,
Болдыма махаббатың әлде жалған.
Отырамын бөлмеде жалғыз өзім,
Қарайлаумен суретіңе менде қалған.
Махаббаттың бал шырынын іштік біз,
Сүйдім сенің жүрегіңді кіршіксіз.
Ұмытпаймын мен сені мәңгілікке,
Жүрегімді жаралаған қырсық қыз.!
Кешіреді шынымен сүйсе жүрек,
Сен секілді кетпейді бақыт тілеп.
Кетсеңде өзге жанға мені ұмытып,
Жүрегім тоқтамайды, өмір сүрет.!
Келші маған
Жүрегің өзге жанның қолында,
Сені қатты, сағындым дейсің.
Шынымен сағынсаң егер,
Жаныма неге келмейсің.
Қорқасың ба әлде менен,
Мүмкін маған сенбейсің.
Менде сені сағынамын,
Неге соны сезбейсің.
Көздеріңе қарап едім,
Ұшқын атқан жанарың.
Білмедім ғой бұл жүректің,
Бауыр басып қаларын.
Қазір менен алыссың,
Тапқансың сен, жүрегіңнің иесін.
Өзге жанмен бола тұра,
Түсінбедім, неге мені сүйесің.
Ойланумен, қатып кетті басымда,
Сағынып, сүйсең мені расында.
Жүрегімді жаралама алыстан,
Болсаңшы, мәңгілікке қасымда.
Өз жүрегіңді қинамай,
Мендік болып келсеңші.
Сыйлаймын шексіз махаббат,
Бұл сөзіме сенсеңші.
Сағынба
Ұмытпадым қол ұстасқан,
Тәтті елестер жадымда.
Өзге жанның бақытысың,
Енді мені сағынба.
Шын сүйсең егер,
Қалар едің жанымда.
Керегі жоқ, керегі жоқ,
Бір минутта сағынба.
Сүй ендеше өзгені,
Махаббаттың бағында.
Әттең мендей сүйе алмас,
Мені мүлдем сағынба.
Күткенмін сені, таң атырып,
Талай түнде сарыла.
Сезбедің де сен соны,
Сағынба енді сағынба.
Ойласам сені бір сәтке,
Жүрегім өртенеді, жалынба.
Кешір мені, кінәм болса,
Ұмытсаң жаным сағынба.
Сүймеймін енді ешкімді,
Тастап кетсе, қиналасың тағыда.
Отау құрып кетсеңде,
Жүрермін сені, сағына.
Иманды өмір
Иә, өмір қызық,
Кейде момын,кейде бұзық.
Заңдары бар өзінің,
Тырыссаң да шығалмайсың бұзып.
Жолында біреулер құлайды,
Бақыт іздеп жылайды.
Біреулер десе қанағат,
Біреулер алсам дейді күн, айды.
Уақыт орнында тұрмайды,
Ұмытпайық жаратқам ием Құдайды
Өлетін шақта еске алмай,
Ойыңда жүрсін ұдайы.
Кеш қалып, соңынан өкінеміз,
Уақытында жібермейді көкірегіміз.
Бәрінен айырылған сәтте ғана,
Алладан қайтаршы деп өтінеміз.
Сынақ қой расыменде бұл жалған,
Иманды болайықшы нұрланған.
Оқысаң намазыңды қаза қылмай,
Алланың аяры жоқ құлдардан.
Жұмбағы көп, бұл өмірдің шырмалған,
Шешеді тек адам ғана шыңдалған.
Алла деп, жүрегіңде иман болса,
Өтесің ғой қиналмастан сындардан.
Самға қазақ
Шабытым анда-санда бүр жаратын,
Тұлпарлар бәйге көрсе бір шабатын.
Кейбір адамдарда бетперде көп,
Шешсеңде танымайсың үш қабатын.
Өтірік сөйлеп, бетіңе күлімдейді,
Өтірігі өзіне қалайша білінбейді.
Ондайлардың беттері қалың сірә,
Қан шықпақ түгілі, кессеңде тілінбейді.
Шет елге есің кетіп еліктемей,
Ана тілді, дәстүріңді ұлықтаңдар.
Қарнын ойлап, намысын ұмытқандар,
Қазағыма тән емес, ұмытпаңдар.
Көк бөріден шығыпты, көк қошақан,
Қой секілді болдыққой моп момақан.
Жеріңдегі наныңды жей алмайсың,
Қайда айдаса көнесің, соқыр шопан.
Қасқыр мінез, қайсарлығың қайда,
Маңырама, ұлысаңшы қарап айға.
Тығылатын тышқан емес, қырансыңғой,
Қазағым самғасайшы, қанат жайда.
Күзге айналған көктемім
Күзге айналған көктемім,
Жанымда ешкім жоқ менің.
Сезімдер уақытша дегенде,
Біздіңкі мәңгілік, деп келдім.
Менен кеткеніңе сенбедім,
Сезіміңді маған деген жерледің.
Жаңа номеріңді сұрасам,
Ұмыт мені деп бермедің.
Кездесуге шақырсам келмедің,
Мақаббатым үшін күресте жеңбедім.
Қасыңдағы кім? Жігітіңбе,
Айтшы содан кем бедім.
Сенен айырылу қиын болды,
Қиналып біраз сенделдім.
Өзгені сүймеймін ешқашан,
Сүйгенім тек сен дедім.
Маxаббатпен ұзақ уақыт ауырдым,
Бір ақ қазір тәуірмін.
Өзге жүрек сезімімен емделдім,
Осы биыл өз өзіме келгенім.
Ойлан қазақ
Абылай деп жауға шапқан батырларым,
Оян қазақ деп жырлаған ақындарым.
Салтыммен дәстүрімді берік ұстап,
Қонақ келсе соятын, жалғыз малын.
Ел едік, тектіліктен жаратылған,
Қазақ болып, жер бетінде дара тұрған.
Жұдырықтай жұмылып, бес саусағым,
Ұлан асыр жерлерде, билік құрған.
Не көрмедің, қасқыр руxты қазағым,
Бітпеді ау сенің қиындығың, азабың.
Жоңғар шауып жасыңнан,
Жүректі басты, қаза мұң.
Алқа көл болып сұладың,
Ақтабан болып шұбырдың.
Жетімсіреп қалды ау құлының,
Шыдадың сен, құламады тұғырың.
Ес жиып, ел болдым дегеніңде,
Жетпіс жыл, орыс xалқы жегеніме.
Құл болып, өгейге сен жаутаңдадың,
Пайдаланды жеріңді, керегіне.
Уақыт өте желтоқсанды өткердің,
Қыршын кетті, сонда талай көктемің.
Руxы биік жастарымның арқасында,
Солып барып, тамыр жайып көктедің.
Ел болып, еншімізді алып едік,
Теңедік, өзімізді барыс дедік,
Құлдық сана сіңіп кеткен бойымызға,
Қиыны,қазағымды қазақ жедік.
Қазаққа қас болдығой кейбір надан,
Шошқа қанша ұмтылсада болмас қабан.
Өзін-өзі мақтаумен өтер жаман,
Жақын келіп қалғандай ақыр заман.
Басшылық о бастан ақ жемқор, сараң,
Болсам дейді тек қана өзім аман.
Жағымпаздық басым болып кетті емеспе,
Өсу үшін өтірік күліп, жауып шапан.
Ұлың анау тәрбие жоқ, намыс жоқ,
Жүрсе болды көлік мініп, қарны тоқ.
Аруларым кіндік ашып сызылды,
Арақ ішіп, көше кезіп бұзылды.
Ана тілім, ұмытылып барады,
Өзге ұлттар күліп оған қарады.
Өз елінде, өз тілінде сөйлемейтін,
Бейшара, xалыққа бізді санады.
Қартымызды қарттар үйіне өткіздік,
Жетім сатып,көз жастарын төккіздік.
Ей қазағым ойланайық кішкене,
Мұндай күйге қалай ғана жеткіздік.
Әлсіздерге батырамыз тісімізді,
Көрмейді деймісің Тәңір ісімізді.
Бойымыздан иман кетіп, адаспайық,
Жоғалтып алмайықшы дінімізді.
Мұсылманбыз әлһамдулиллаx, дінім деген,
Батырлардың ұрпағы едік дүрілдеген.
Дәл осылай өте берсе күндеріміз,
Қорқаққа айналармыз дірілдеген.
Айналдығой тулкіге бөрілерің,
Осы меді қазағым, көрінерің.
Дүние қума бес күндік бұл өмірде,
Белгілі ғой, қара жерге көмілерің.
Өмір жолы
Бір-екі минут тыңдасаң егер,
Бір оқиға баяндайын.
Қара өлеңмен келістіріп,
Ұйқас қылып аянбайын.
Кешкі уақыт, өтіп барамын ауладан,
Жас жігітке көзім түсті аунаған.
Жанына барып, көмектесіп тұрғыздым,
Арақ ішкен, әлсіреген жаураған.
Амандасып, қасында біраз тұрамын,
Мұнда неге жатырсың, барма өзі тұрағың?
Жап-жас жігіт емессіңбе, неге бұлай сұладың,
Жанбай жатып сөнгеніме, кеудеңдегі шырағың.
Қазақсыңғой, ұят болды мынауың,
Он екі мүшең сау бола тұрып құлауың.
Тағдыр саған жібергенғой сынағын,
Мұндай күйге қалай түстің?-деп жігіттен сұрадым.
Төмен қарап, жігіт үнсіз отырды,
Бір күрсініп, тағдыр мені солдырды.
Жігерсіздік күн ыстықта тоңдырды,
Тыңда онда-деп, жігіт жанарын жасқа толтырды.
Жасымнан ойнағаным карта болды,
Ұтып жүрдім, күніге қалта толды.
Барғаным мейрамxана, сауық құрдым,
Көлік міндім көбейтіп әбден қорды.
Жар таңдадым сұлулардың ішінен,
Олда мені ақша үшін силайтын.
Қартайған жалғыз анам болды менің,
Жалғыз ұлын жамандыққа қимайтын.
Күндер өтті, тағы карта ойнадым,
Қолым жүрмей, буырқанып қайнадым.
Ұтылсамда құмарға мен тоймадым,
Дүние тігіп, ойнайық деп қоймадым.
Бар дүниемді, соларға мен ұтылдым,
Үйді беріп, көлік беріп құтылдым.
Көз алдымда ғайып болды байлығым,
Содан бері, кешудемін қайғы мұң.
Жарым кетті қарғап-сілеп үйіне,
Достар күлді шарасыз менің күйіме.
Амалсыздан анам барды жағалап,
Баспана қылып, қарттар үйін паналап.
Сол күннен бері өз-өзімді тастадым,
Қу арақпен өмірімді бастадым.
Халық бізден маскүнем деп шошынған,
Білмеймін, үйреніп те қалғандаймын осыған.
Күндіз-түні көше кезіп жүреміз,
Арақ ішіп қайғырамыз, күлеміз.
Қиындықпен күресуге шама келмей,
Қысқасы, өмірді біз осылайша сүреміз.
Жігіт осылай әңгімесін аяқтады,
Өмірінің сәтсіздігін баяндады.
Бұл жігіттің әңгімесін мен ұқтым,
Келді оған демеу беріп жұбатқым.
Ееx, өмір жолы, еңсеңді сен түсірме досым,
Бірер күндік сәтсіздікке бола.
Бұл өмірдің сыйы көп тосын,
Жеңілген жоқсың бір жола.
Жоғалтқаның жиған дүние,
Мал мен мүлік байлықпа.
Адал жолмен жимадың сен,
Уайымдама, оған бола қаймықпа.
Байлық деген қолдың кірі,
Сумен жусаң ағып кетер.
Ең бастысы адамсың тірі,
Шүкір де осыған, өкінбе жетер.
Кеш емес әлі баста бәрін басынан,
Ішпе енді бұл арақты сасыған.
Кеш қалма сен анаңа бар, анаңа,
Ана жалғыз пана болар балаға.
Мұндай күйге жеткенің,
Белгіліғой иманнан алыс кеткенің.
Мешітке кір, дұға жасап қол жайып,
Сонда сенің бақытыңа жеткенің.
Іздеме сен байлық, бақытыңды,
Ішімдіктен, карта ойнап құмардан.
Иманға кел, намаз оқы бауырым,
Шын бықытты табарсың сен құраннан.!
Ұмытпайды екенмін
Арман қиял, естеліктер,
Мазалайды жанымды.
Сен кеткелі жырақтап,
Құрғыр жүрек сағынды.
Білмейсіңғой, сезбейсіңғой,
Сен деп атқан таңымды.
Елестерің ұрлағандай,
Басымдағы бағымды.
Суретіңмен тілдесемін,
Жынды адамдай сыбырлап.
Күлкің еске түседі,
Бұлақ ақса сылдырап.
Сенің иісің деп қаламын,
Раушан гүлдер аңқыса.
Дауысың сенің естілді,
Бұлбұл әнін шақырса.
Жаңбыр жауып, күн шықса,
Мінезіңдей тап сенің,
Неге мені ұмыттың.
Соншалықты жас педім.
Сағынбаспын деп едім,
Өзге бір жан табылса.
Амал барма қайтейін,
Сүйгенін жүрек сағынса.
Ұмытайын десемде,
Ұмыт болмай барасың.
Түсіндім, уақыт өтседе,
Жүректе мәңгі қаласың.
Қоштасу
Біздің соңғы кездесу,
Жанарыңнан мөлдір тамшы үзілді,
Қарадың ұзақ, қиялмадың,
Бауыр басып қалғаныңда сезілді.
Сендегі қыз намысы жібермей,
Тұра бердің бір ауызда сөйлемей.
Мендегі көкірекпе, түсінбедім,
Білмеймін, табжылмадым үндемей.
Қырсықтым, қарап үнсіз жүзіңе,
Қалса екен деп тіледім ішімнен.
Бұрылдыңда кете бардың қарамай,
Сүймеген деп ойладың ба ісімнен.
Кетпе менен - деп айтудың орнына,
Бақытты бол - деп айқайлап жібердім.
Сырттай күліп тұрғанменен,
Іштей жылап, түнердім.
Қайтып келер деп ойладым,
Бір жолата кеткеніңді кім білген.
Өз қолымнан оңай ғана ұшырып алып,
Сағыныштан іздеп сені жүрдім мен.
Бұл қоштасу ауыр болды маған, саған,
Жол іздедік өмірден тарам-тарам.
Кінə бірдей екеумізден болды емес пе,
Қайта келсең болайыншы мен ақ жаман.
Аналарға арнау
Аналарға арнаймын бұл өлеңді,
Болмасада ұзақ шумақ көлемді.
Сыйлауға міндеттіміз анамызды,
Тоғыз ай құрсағында көтерді.
Қиналса да аналар төзімді еді,
Сен үшін əрбір түнде көз ілмеді.
Сен ауырсаң ауырады жүрегі,
Аман болсын сəбиім деп жүреді.
Анашыңды құрметтеп өт аяла,
Сонда ғана қуаныштан күледі.
Анаңнан келгенін қолдан аяма,
Бақытты ет ұзақ өмір сүреді.
Əттең бұл күндері бағасы қандай ананың,
Əкелдіңде қарттар үйіне қамадың.
Мұнша төмен болғаныма сананың,
Айналғанба жүрегі тасқа баланың.
Қателесіп өзге есік қақпағын,
Анаң емеспе жұмақ кілті қақпаның.
Жетілдіріп, жеткізді осы күнге,
Саған беріп жиып-теріп тапқанын.
Өкінбе кейін осы сəттен бағала,
Баласы, анасыз бақыт табама.
Жылы сөзді жарыңнан бұрын,
Айту керек, сөйлеуді үйреткен анаға.
Ана деп бүкіл əлем жар салады,
Анаңды сыйлап өтсең бұл өмірде
О дүниеде бəрі саған тамсанады,
Пайғамбар көршісі деп қарсыалады.
Хат
Сенің дауысың, қылығың мен мінезің,
Ұмытпаспын оны өзіңде білесің.
Күлкің маған қатты ұнайтын,
Әзілдесем ерекше бір күлесің.
Телефонмен сөйлесіп күнде-түнде,
Бауыр басып қалғанымды білмеппінде.
Кенеттен, телефонға xат жібердің,
Дегенсің, мазалама енді мүлде.
Бұл xатың сірә маған ұнамады,
Жүрегім іштей ғана жылап алды.
Себебін сұрағанда айтпадың сен,
Айтпасаңда сезімім құламады.
Бір себебі болмауы мүмкін емес,
Айналуын қаламаймын құр елес.
Мүмкін менен зерігіп, жалыққансың,
Не болсада артқа қайтар мен емес.
Сені ойлап, xабарласуды тоқтатпаймын,
Алдандырып суретіңмен, жүрегіме жоқтатпаймын.
Сенсіз маған маxаббат қараңғы түн,
Адасып жалғыз өзім жол таппаймын.
Жүрегіңе кірер есік жабылсада,
Өміріңде өзге бір жан табылсада.
Ғашық жүрек күтеді, төзедіғой,
Бақыты үшін қиналып, сағынсада.
Ойда жоқта өтермін бұл өмірден,
Сонда ғана сен мені сағым сана.
Ызаланып ашуға берілмейін,
Береді нақты жауап сабыр ғана.
Күте білемін бойымда сабырлық кең,
Біліп қой бұл өмірде уақытым кем.
Бір күні айналармын ғайыпқа мен,
Сол кезде сөге көрме айыпқа сен.
Қыз бар жерде
Қыз бар жерде сезім бар,
Сезіміңе ие болмас кезің бар.
Қыз бар жерде сағыну бар,
Сағыныштан қамығу бар.
Қыз бар жерде қызғану бар,
Қызғаныштан күйу бар.
Қыз бар жерде адалдық бар,
Өмір бойы сүйу бар.
Қыз бар жерде гүлдер бар,
Гүл сыйлайтын түндер бар.
Қыз бар жерде уақыт бар,
Кеш келетін бақыт бар.
Қыз бар жерде құз бар,
Сол құзға еріксізден құлау бар.
Қыз бар жерде қоштасу бар,
Қоштасып барып жылау бар.
Қыз бар жерде жылулық бар,
Қайталанбас керемет сұлулық бар.
Сұлулықты көретін көздерің бар,
Ғашық болып айталмайтын сөздерің бар.
Шабыт
Серігім болды қағаз бенен қалам,
Бар мұңымды, қуанышты сонда жазам.
Керегі жоқ ақын болып атақ алу,
Жайғана қара сөзден ләззәт алам.
Санаймын мен өзімді бақытты адам,
Себебі поэзиядан бақыт табам.
Қалам ұстап өтейінші өмір бойы,
Шабытымды шақырып шарықтаған.
Шабытыммен тілдесемін, сырласамын,
Сыбырлап, кеудемдегі сырды ашамын.
Шабыт барда ашылмаған гүлді ашамын,
Куә оған жұлдыздар мен түнгі аспаным.
Шабыттанам қараңғы түн, жалғыздықта,
Мүмкін бағым сол менің жалғыздықпа.
Төрт қабырға сырымды біледі анық,
Айталмаймын өзгеге әлсіздікпа.
Түн болса мазалайды сансыз сұрақ,
Кетпейді тұрып алып жауап сұрап.
Армандап қоя берем кей кездері,
Аспанда бара жатса жұлдыз құлап.
Шабытым ұзамашы кетпе жырақ,
Бойымды мекен етші мәңгі тұрақ.
Сен барда жалғыздықтан қорықпаймын,
Жеңемін келседе неше сынақ.
Ендеше мылтық болып оқталайын,
Бір Аллам қуат берсе тоқтамайын.
Шабытым тұтанып жатса егер,
Алаулатып құйайын отқа майын.
Бүгін сен ұзатылдың
Бүгін сен ұзатылдың,
Үстіңде той көйлегі.
Ата-анаң, достарың,
Тілек айтып, сөйледі.
Бүгін сен ұзатылдың,
Айырылдым мәңгіге.
Өткен күннің барлығы,
Болғаныма әңгіме.
Бүгін сен ұзатылдың,
Келеме деп мені күттің.
Барар едім тойыңа,
Қызғаныштан жанып біттім.
Бүгін сен ұзатылдың,
Боласың жарыңның құшағында.
Қалай сені ұмытамын,
Алыс жақа ұшамынба.
Бүгін сен ұзатылдың,
Бір ақ мені ұмытпадың.
Сүйіп тұрып амалсыз,
Жүрегіңе құлыптадың.
Бүгін сен ұзатылдың,
Жанарың мұңға толды.
Бәріне өзім кінәлі,
Таңдаған осы жолды.
Байқашы
Сен гүл едің, болып едім бағбаның,
Сені ұнаттым, сен деп жүрдім бар бағым.
Сен от едің, жалыныңмен шарпыған,
Жанар сәтте неге сөндің, жанбадың.
Бас тарттың менен өзгердіме талғамың,
Өзіңді, жар ету еді арманым.
Жүрегімде сенің орның тым бөлек,
Қызға толы болсадағы жан-жағым.
Дұрыс болар, сен өзгені таңдадың,
Саған жеңіл, маған салды салмағын.
Сезімменен ойнадың ау мендегі,
Байқашы тек, көріп жүрме зардабын.
Сездіріп едің махаббаттың бал дәмін,
Кеш түсіндім сол сезімнің жалғанын.
Қанша жанның құшағында жүрсеңде,
Ұмытпашы сені сүйер жан барын
Ұмытпашы сенсіз де атар таң барын.
Жан мұңым.
Жүрегім бұлқынды ,
Мінезім жұлқынды .
Ойланған сәттерде ,
Ішіме сыр тұнды.
Сезімім сілкінді ,
Көңілім күрсінді.
Өмірім өтуде ,
Күтумен бір күнді.
Сыртымнан білінбей,
Ішімнен тілімдей.
Күндерім аз менің ,
Өткізген түңілмей.
Ешқашан кешірмей,
Өзімді түсінбей.
Өмірім өтуде ,
Көрмеген түсімдей.
Кеудемде бар мұңым,
Жасырғам барлығын.
Түсінер жан жоқ-ау,
Іштегі жан сырын.
Таланып балдырым,
Жанымда қалды кім.
Мен кімге өпкелеймін,
Бұл менің тағдырым
Бұл менің жан мұңым.
Жылыт бәрін.
Сен мені ұмытқан боларсың,
Ал мен, ұмытпадым.
Өзге жанды жылытқан боларсың,
Ал мен, суықтамын.
Сенде бір күні тоңарсың,
Ал қазір, жуытпадың.
Жұлынған гүлдей соларсың,
Ал қазір, жылыт бәрін.
Уақытша бақытты шығарсың,
Белгілі мінезің, қылықтарың.
Сен байлыққа құмарсың,
Қайтар сезімнің сынықтарын.
Сен мені аға деп жүргеніңде
Сен мені аға деп жүргеніңде,
Мен саған ғашық болып үлгердімбе.
Көз алмай саған қарап отырамын,
Сен бірақ сезбедіңде, білмедіңде.
Сүйемін десем ренжітіп аламынба,
Айырылсам сендей жанды табамынба.
Көрсемде күнде сені сағынамын,
Сенің бейнең мына менің жанарымда.
Ғашық жанның бірімін саған антық,
Ойым түзу, сезімнің бәрі шындық.
Сенде мені сағынар күн келеді,
Өте берсін әзірге күндер жылжып.
20