Абай атаға...

Халқыңның бар саған айтар тілегі,

Тыным таппас сен деп соққан жүрегі.

Бірлік, бейбіт заманында қазақтың

Тілегі де, жүрегі де бір еді.

 

Абай сенсің мақтанышы елімнің

Көркін ашып тұр суретің төрімнің

Ата, сенсіз өткен емес жас дәурен

Белгісі бұл қазақи шын сезімнің.

 

Өлеңің бар оттай жанған лаулаған

Жыр аңсаған жүрек болса жаулаған.

Даралық та, даналық та өзіңде,

Ақын болам дәл өзіңнен аумаған.

 

Сөнбес сәуле жырларыңда жарқырар

Шыңнан аққан дария сулар сарқылар.

Уақыты жетсе теңіз құрып, тау шөгер

Ақын өлмес артында оның халқы бар.

 

Жырларыңды айта жүрем жүрекпен

Алып шығар ұрпақтарын түнектен.

Ақын өсіп жетіледі ақылдан

Жастар өсер жақсы ақыл тілекпен.

 

 Жырларың бар даналықты түйіндер,

Сөзің: әнді сүйсең менше сүйіңдер.

Уа жаратқан, берсең Жамбылдың жасын,

Абайымның жыры менен күйін бер.

 

Көп еді ғой шығып кеткен биігің

Бастан кешкен ғашықтығың, күйігің.

Жырыңның да, өзіңнің де алдыңда

Қайта-қайта келе берер иілгім.



Бөлісу: