Қасиетті жұмада,
Азан шақырып жатқанда,
Таңмен бірге туылған,
Қызым менің Айсана!
Ай жұлдызы оңынан,
Туып жүрер әрқашан,
Саналы қыз болсын деп,
Ниет қылам Алладан!
Биыл маған 3 саны,
Ерекше болып тұрғаны,
33ке келгенде, 3 баланың әкесі,
Бойымда қуат болғаны.
Құрсағында тоғыз ай,
Көтеріп жүрген қиналмай,
Бәйбішеме рахмет!
Қыз сыйлаған моншақтай.
Өмір берсін бәріне,
Көп көрмесін әзірге,
Қазағымның қарасын,
Көбейтермін әліде.
16.09.2017
©Шиелінің жігіті