Жұмсаған ұрпағына ақыл-күшін,
Арнадым Абай ата хатымды шын...
Өнегелі ұрпақтар өлеңімен,
Орныңда бір аунап қап жатырмысың?!
Өзіңе жетсін, шіркін, жарасып ән,
Өшпейсің қазағымның санасынан...
Атаның балалары көп болғанмен,
Айналдым, сіздей адам баласынан!
Ой салған бар әлемге үніменен,
Сол үнге шырқауда шын бүгін өлең.
Жоқ болсаң да, соңыңда өлеңдерің,
Өшпейді санатымнан тірі деген!
Жетсінші өлең деген барлап ағын,
Шындыққа қоса білген жан қалауын...
Даңқыңды бар әлемде есіткенде,
Ойменен сан жүгіріп, таңданамын!
Бірлігіне себепші елдің мығым,
Абай хакім, өлеңмен бердің тыным...
Адамдық пен адалдық қатар қойып,
Сипаттаған жанының мөлдірлігін!
Бақыты бар әлемнің аспандағы,
Мысалмен ащы сөзді астарлады...
Қазақ емес, әлемге дара ақынның,
Атталды 175 баспалдағы!
Мәңгілік ғұмыр сүрмек ақын тағы,
Мінсіз сөз мінді адамда сатырлады...
Оқып жүрмін, қазір мен интернатта,
Абай ата, өзіңнің атыңдағы...
Қозары анық ақынның делебесі,
Шүкір, шыным, өзіңсің ел егесі...
Қарасөздер ұстаным болып жүр бұл,
Құраннан кейін тұр шын өнегесі...
Саналы сөз өзіңді тұспалдады,
Шын сөзге тағдыр сені қысқан-дағы...
Мұхтар атам өзіңе жазған кітап,
"Абай жолы" өмірдің тұсбағдары...
Өсиетің өзіме қылыш аңыз,
Көкке өрлейміз, құс болып мың ұшамыз,
Болмасаң да ұқсап бақ,- деп айтыпсыз,
Сондықтан сізге ұқсауға тырысамыз...
Қайран жұртың -гүл қала,жазың солмай,
Жұмысбасты, ескі жоқ,тазың сорлай,
Бай болсаң да,әділдік жақтағансың,
Көп болса ғой сіздей бай қазір сондай!
Әлеміңе ой салдың қам көңілді,
Айтқаның да заманда дәл көрінді.
Жоқ болсаң да өмірде қазір ата,
Өлеңменен сүресің мәңгі өмірді!
Абай атындағы РММИ-дің
10"Б" сынып оқушысы
Жұмагелді Тоқтарбек