28-парк

28-парк
жеке
блог

Құлпырып құланиек таң атқанда,

Шұғыласын сұлу күн таратқанда,

Жанымның жалқы мұңын сілкіп тастап,

Кірістім сана сырын сараптауға.

 

Расында, менің санам сырға теңіз,

Ал сырым шабытыма, жырға да егіз.

Келгелі Алматыға күндер өтіп,

Бір мекен сырларымды ұрлады еміс.

 

Барам да сол мекенге байланамын,

Жаныма жұмақ таба жайланамын.

Парк бар Алматыда "28"

Байлығы сол секілді бай қаланың.


Бүгінде тағы бардым паркке сол,

Сырымды айтпай ұқты танып тез ол.

Құшағын кеңдеу ашып, сырын айтты,

Мен үшін қылды көп-ақ сарып сөз ол.

 

Сыр айттым сырласыма саралап бір,

Ақтардым қайғыны да "қара - дақ - кір".

Ақтардым арман үміт араласқан,

Қиялды кия кезген, аралап қыр.

 

Бұл бақты өзге досқа санамаста,

Болмайды тіпті жақын араны ашқа.

Таңбалап жапыраққа жұмбағымды,

Сырымды жазып кеттім әр ағашқа.

 

Іздесең, таба алмасаң бір мені үйден,

Дегейсің: "санасында сыр көбейген.

Тұратын кезі қазір паркте сол

төгетін ақтарып ап жыр көмейден".

 

Бар сырын баяндауға бата алатын,

Болуға белді буған атан ақын.

Табасың "есалаңды" парктен тек

"ЖИЫРМА СЕГІЗІНШІ" аталатын.