Тағдыр

Нөсер.Бұлт. Жаңбыр. Түн.Қала. Дауыл басталды,

Әкетіп барар, қыршыңға қиып жас талды...

Мұздады дала,айналып қара түнекке...

Үзіліп жүрек.Жылады аспан, жас тамды.

Неліктен бұлай?

 Сұрақ көп түрлі... Тағдыр ма?!

Нөсер тек үнсіз,сөйледі көзбен жазғырма...

Өлімге тікпес,араша болар,күресіп.

Қатыгез жауыз,қанды ауыз,қатал қасқырда.

Қалды тек тамыр, түбінде жердің жас талдан,

Шығар ма,өскін? Уақытқа сұрақ тасталған...

Жылусыз қыстың,сезіледі аяз қаһары... 

Жүрексіз суық, құралған қала тастардан...  



Бөлісу: