Менің кішкентай әлемім

Бар әлем болып көрінер маған,Сен болсаң егер қасымда.Менің кішкентай әлемім саған,Байланысты ғана расында. Кішкентай ғана әлемім менің,Біртұтас, бүкіл өмірім.Сол әлемімде байланған бірге,Менімен сенің өмірің. Менің әлемім, ол – сен ғанасың,Мен үшін бүкіл әлем – сол.Жүрегімде тек сен ғана барсың,Жоқ ешбір өзге жанға жол.


Бөлісу: