"Ар жазасы-бар жазадан ауыр жаза"

"Ар жазасы-бар жазадан ауыр жаза"

Барлық адамдар айтады өтірікті,

Көтеріп барлығынан жоғары көкіректі.

Өтірік айтарда, еш ұялмай кідірмей,

Толған өтірікке ғана толтырады жүректі.

Өтірік айтады біреу , жай ойнаймын деп,

Қазір бір айтқаннан- ақ қоямын деп.

Бірақ көп өтіріктің екенін, бір өтіріктің артынан,

Түсінеді тек кейін, ең жақын адамын алдағаннан.

Кешіру мүмкін өтірігін туысқандар,

Айту мүмкін жарайды ұмыттық қой деп құрбы-достар.

Бірақ өзін-өзі ешқашан кешіре алмайды, 

Себебі ар жазасы- ең ауыр жаза бар жазадан.

Сондықтан айтпайық өтірікті ешқашан,

Сонда ғана  тәуелсіз де, қайсар болады ар- ұждан.



Бөлісу: