21 ғасырдың Қыз Жібегі

Көзім-соқыр, ми-өлі, көңіл-сынық,
Ақ жауындай жүрекке төгілші,үміт!
...Өлең жазғым келеді мына менің,
Жанарыңның ішінде өмір сүріп...

Сен асыға күткен сол серігің- мен,
Түсіне алмай кетпеші мені мүлдем...
Хаттарыма сыймаған сөздерімді,
Ерініңе жазсам ғой ерініммен...

Оңай келе қоймайды-ау тегі бақыт,
Барлығына куәгер-сері уақыт.
Мен бақытты болуды шын сезініп,
үлгергенмін- қалғанда сені ұнатып.

Көңілімді жалғыздық бұзды үнемі,
Үмітімді осылай үздіреді...
...Төлегенің болуға дайынмын мен,
Жиырма бірінші ғасырдың Қыз Жібегі!



Бөлісу: