Кешіккен көктем

Тереземнен қарлы тау көрінбейді,
Қара бұлт күн сәулесін жібермейді,
Қызғанып отырғандай дымқыл тұман,
Көктемнің жылылығы білінбейді.

Бұлтты күн сүйегіңді сыздатады,
Көңілің ұйқы сұрап шаршатады,
Көктемді қимайтындай суық ауа,
Ызың жел ағаштарды қозғалтады.

Бүр жарған сары өрік бұтақтары,
Көктемге келе жатқан бар айтары,
Сәуірде асып кетті бел ортадан,
Көктемнің кешікті ғой шуақтары.

Бүгінгі жауған жаңбыр тоқтамады,
Майдалатып, бүркіп тұр айналаны,
Көктемді сағынбаған найзағайлар,
Аспанды жарқылдатып ойнамады.

17.04.2017ж, Алматы
©Шиелінің жігіті

#Шиелініңжігіті #Өлең

Суретке сілтеме:https://www.look.com.ua/50216-groza-razmytyi-steklo-vesna-dozhd-kapli-voda.html



Бөлісу: