Мұңайма

Ең алғаш көргенімде ойландырдың,
Кейіннен, махаббатыңмен таң қалдырдың,
Сезімнің жасқа қарамасын,
Дәлелдеп, заңдылыққа айналдырдың.

Содан соң...
Жадыңда мәңгі қалған,
Бақыттан бас айналған,
Есіңнен тандырған,
Үш жылыңды тындырған,
Сағымға айналып, сағындырған,
Махаббат...

Қиналғанда басыңа,
Қай-қайдағы келеді,
Кеудеңді мұң тебеді,
Аямай мың тебеді,
Көзіңе жас тақалып,
Жылағың да келеді.
Жер бетінде,
Кім түсінеді сені?

Мұңайма сен, мұңайма,
Үй болу деген оңай ма?
Мың сұрақтың жауабын,
Ақылдассаң болмай ма?
Кіммен дерсің бәлкім сен?
Бірақ сен жалғыз емессің...
Білем анаң алыста,
Оған қатты қаймықпа.
Қартайдым деп те қорықпа.
Өмір атты жалғанда,
Қиындық деген уақытша.

10.05.2012ж, Алматы
©Шиелінің жігіті
#Шиелініңжігіті #Өлең

P.S: Екі танысымның арасында жасқа қарамай басталып, соңынан жауапсыз қалған сезімнен кейін, басқаға кетіп бара жатқан жаралы жүрекке...
Суретке сілтеме: https://womanpost.ru/ego-ne-stalo-kak-perezhit-poteryu-lyub…/



Бөлісу: