Өмір деген өлең емей немене?!

Алматы.Метро.Театр.Көңілімде мың күдік.Қасымда сері жігіт.Дұрысы аға..Иә, кәдімгі үлкен аға! Бірақ үлкен деуге қимаймын.Менің қасымда жүрген кездерінде  бала болып кететін..Осынау қым- қуыт тірліктен бір сәт бой жазбақ ниетпен театрға ауыз жаппай, алып- ұшып барып едік. Әттең үнсіз қайттық..

 

Алматы.Метро.Театр. 

Келеміз көңілге симай мұң. 

Жігітті жасықтау, ұяты үр, 

Өзіме қимаймын. 

 

Арымды келмеді аттағым, 

Болсаң да пəк адам, жаны ізгі. 

Бірдеңе деуге де батпадым, 

Ұяң қыз тəрізді. 

 

Қөрейін ақылға көніп бір, 

Жүрекке жетсе де сыр ауып. 

Ішімде өлеңім өріп жүр, 

Бірақ та жылауық. 

 

Бəрібір біз іштен тыңайық. 

Күнім де содан соң тез өтті.. 

Бұл істі біржақты қылайық, 

Ойларым мезі етті! 

 

Еркелеп, қызғанып, күлемін. 

Күйіме көктем мен құмар күз. 

Жас қыздың жылауық жүрегің, 

Аяйтын шығарсыз. 

 

Аяңызшы..

 

Ақгүл Айдарбекова



Бөлісу: