Жыр тамшы

РУХ ТҰЛҒАСЫ,

АРМАН-АҢСАР ТҰҒЫРЫ!

 

Желтоқсан ол –             

Боздаған жанның шық сыры.

Қасиет пен қасіреттің жұп жыры.

Қар орнына қаны тамған желтоқсан,

Рух тұлғасы, арман- аңсар тұғыры.

 

Желтоқсан ол –

Елдік, ерлік шеңбері.

Көк түркінің көктен соққан семсері.

Өр халықтың ар-намысын сатқандар,

Ұлттық ардың бетіндегі меңдері.

 

Желтоқсан ол –

Жылқы мінез қазақтық.

Қилы кезең тауқыметті азаптық.

Шежіреде зерделенген үрдістің,

Құрсағында толғақ қаққан азаттық..

 

Айбарда бар, тұғырда бар ұлылық.

Қазақтыққа туа біткен бұл қылық.

Шайыр болсаң, әспеттей біл осыны,

Баққа бастар мұрат, ерлік жыры қып.

 

Желтоқсан ол –

Боздаған жан шық сыры.

Рух тұлғасы – арман-аңсар тұғыры!

 

АНА ТІЛ...

 

Қанымда толқап, үнімде түлеген.

Санамда паналап, түсімде түнеген.

Тұлғаңнан айналдым рухымды көтерген,

Елімнің бағында уақытпен гүлдеген.

Мәңгі елдің тағдыры өзіңе байланған.

Маңдайдың көгінде нұр болып жайқалған.

Ананың сүтімен, даламнан дарыған,

Сүймеген өзіңді мейшара қай надан?!...

Уа, ұлы Ана тіл!

Көз ашқан нұрымен,

Махамбет үнімен, Абайдың жырымен.

Қазақтың кеудесін, тұлғасын суарып,

Сынасып келесің саясат сынымен.

Тарихты шошытқан шайқаста өлмедің!

Ғасырдан ғасырға Сен аман өрледің...

Сақтармен Қазақтың аңызын жалғаған,

Ақ Орда төріне

Ана тіл төрлегін.   

Биігің бар әлі самғайтын,

Шығатын.

Құқың жоқ архивте мұра боп тұратын...

Болсада сан тілдер көк тірер,

Жоқ мүлде,

Дәл сендей тектілік маңызын ұғатын.



Бөлісу: