ПОЭЗЗИЯ КӨШБАСШЫСЫ

  Мұқағали Мақатаев-қазақ поэзиясының көгінде кешегі майдангер,ғажайып дарын иесі,оқырманын қайталанбас дарынмен баурап алған ерекше тұлға.

   Қуаныш-қайғысымен де,керемет құдыретімен де,тіпті күйкі тіршілігімен де-өмір.Әлі де санасы қалыптаса қоймаған алғашқы пенделерге өмір әлдеқандай ғажайып құдіреттің тарта салған сыйы болған.Дәрменсіз жандар өмірден тамтұмдап қана аларын алған да қойған.Бұл жағдай-баршамызға аян.                            

  Адам бар-жерде поэззия бар.Барлық табиғатымен өмірдің өзі тұнып тұрған поэззия дейміз,алайда сол өмірді,сол керемет табиғатты көретін көз,танитыни талант,сезетін сезім керек.

  Әрине,есі дұрыс,басы жұмыр пенденің бәрінде де сезім бар,сезінбеуі мүмкін емес.Себебі қуанады,күйінеді,шаттанады,мұңаяды дегендей.....Алайда сезінуі бар да,сезімін сезімдерге айтып жеткізу,мойындату да бар ғой.Міне,осы тұста адамдар дараланады.Әр халық өзінің сезім дүниесімен енші бөліп,сеніп тапсырып,дүниеге өзінің сезімтал елшілерін жібереді.Оның аты-Ақын.

  Адамның сезімі-алынбас қамал.



Бөлісу: