Жетісайға сағыныш

"С" аллитерация

 

С-ағат сайын, сәт сайын, жеті сайын,

С-амалыңды сағына кеп құшайын.

С-ібірден де суықсың бір мен үшін

С-ахарасың ыстықсың Жетісайым.

 

С-ен туралы жазамын әр хатыма,

С-ырғып сағат кеш батып, таң да атуда.

С-елк етпестен жүрегім арман менен

С-ағым қуып келіп ем Алматыға.

 

С-абыламын өзіңді көргім келіп,

С-ылтау қылып алдайды сол күн де үміт.

С-ағынышты іштегі тұншықтырып

С-ырларым бар жазып жүрген том күнделік.

 

С-ән жарасқан шаһарымсың менің думан,

С-енің қайсар ұлың ем белін буған.

С-араңдыққа жол бермей амандастым

С-әлемімді қабыл ал, елім туған. 



Бөлісу: