Көгімдегі күнімсің күлімдеген
Бұлағындай асқар таудың мөлдіреген
Мейірімді Аллаға шүкір етем
Көзімнің жанарындай сені берген
**************
Қарындасым, сенсің өмір өзенім
Сен мұңайсаң, өртенер ау өзегім
Қасымда сен қолқанат боп жүргейсің
Дүниенің кеңдігін сен арқылы сеземін
**************
Көзімнен жырақ кетсең тағатсыз ағаң тосар
Сағынып жұпарыңды, құшақтап мауқын басар
Мендегі бар көңілдің өзіңсің дәрумені
Сендегі шат көңілің шексіз ақ таңға ұласар
**************