Әжеме

Он бір жыл болдым, әже, тәрбиеңде,

Оқытушы ең ерінбей әр кез сен де.

Үйреттің «екі үйде жалғыз қыз» деп,

Тырыстым үйренуге бәрін мен де.

Бойымда жақсы қасиет болса менің,

Ақ әже, маған сіңірген еңбегің.

Ұят келтірмей жүруге сөз беремін,

Тілерім ақ жаулықтың кірлемеуін.

Білемін, ренжіткен шығармын мен,

Көңіліңе қаяу да салдым, білем...

Орныңыз мүлде бөлек, әжетайым,

Қорқамын сізден жырақ кетуге мен.

Ауырмашы, әжетай, ұзақ жаса,

Немерең қуантады құдай жазса.

Немере, шөбереңнің ортасында

Денсаулықтың тұғырын биік ұста!

 

P.S. Көнекөз қариялар мен ақ жаулықты әжелер – әр шаңырақтың сәні.

Менің әжем де – өз ұямыздың ұйытқысы.  Әжеден алған тәрбиенің орны ерен, тәлімі терең...



Бөлісу: