Әкеге арнау

Әкеге арнау
жеке
блог

Асыл әкем – асқар шыңым, панам  менің

Тек өзің баға жетпес,  данам менің.

Мен жеткен жетістіктің куәсі бол

Бір алладан тілерім осы  менің.

Еркелеттің «қызым» деп, «қызғалдағым»,

Бақытқа жеткізу – тек  ізгі арманым.

Көңіліңе бір кірбің түспесе екен,

Бұл менің әр кез тілер ақ арманым.

Тілейсің қызың тілші болады деп,

Экраннан қол бұлғап тұрады деп.

Жаңалық біткеннен соң  әрбір күні

«Әкешім, сау бол» айтып қалады деп.

Қалаймын орындалғанын осы арманның,

Тырысамын, еңбектенем, қысылмағын.

Аман болып, ұзақ жаса, жан әкешім,

Орындайды бұл тілекті қызғалдағың.

 

P.S. Ақыл айтар ақылшымыз да, пана болар қамқорымыз да – әке. Әке мейірімі, әке тәрбиесі, әке махаббаты – еш нәрсемен өлшеуге келмейтін дүние.