Ақ өлең немесе қасқыр терісіндегі қойлар...

Қозғалып бара жатырмыз екпінменен,
"Тек қана алға""деп өзеуреумен...
Кері қарай деп те айта алмаймын,
Біздің әрекетімізді Броун айтып кеткен.

Теледидардан жұмақ,біздің мекеніміз,
Хабар мен КТРК дан әсіресе...
Бірақ жамандай да алмаймын,
Теледидарсыз ақ маған атамекен!

Ортасында қысық көзбен көк көздің,
Бөрі ұрпақтары...қой көздер...
Бауыздағанда бірақ тұяқ серпейсің бе?
Немесе қой терісін лақтырасың ба?!



Бөлісу: