Тәуелсіздік

16-желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн.

Отанымның төрінде

Алтын шырақ-жанған күн!

 

Көркем еді неткен

Астанадай - бас қала!

Көркем еді неткен

Алматыдай - нұр қала!

 

Нұрсұлтандай атамыз

Басқарады біздерді.

Астанадай қаламыз

Шақырады сіздерді!

 

Өтті Саммит,Азияда

Отанымның төрінде.

Қыран,бүркіт ұшады

Отанымның көгінде.

 

Әнұраны бар елдің,

Елтаңбасы,көк туы.

Патриоттық сезіммен

Орындаймыз біз оны.

 

Қайрат,Ләззат,Сәбира

Тәуелсіздік жолында

Жанын пида етті ғой!

 

Содан бері мінекей,

Тәуелсіз ел болдық біз.

Бейбітшілік жолында

Бақытты өмір сүрдік біз!



Бөлісу: