Астана арман қала

Астана арман қала!

Астана  ,Астана Арман қала !

Өзіңнен бастау алған  мына дала,

Киіз үйдің керегесі қайысса,

Туырлығын   түзеген ата-баба

 

Ел жүрегі Астанамнан арайлы

Бар әлемге күн сәулесі тарайды

Ортасында «Бәйтерегі» еңселі

Қаламызға мейірлене қарайды

 

Астана бас қала,арман қала

Көрінген  кокжиектен асқақ  дара

Тұрады әр ұлт  ,саны жүз үш,

Жалаулап  жаңа қауым енген қала.

 

Астана  асыл елдің ғұмыры

Сан  мыңдаған білімдінің тұғыры

Салт-дәстүрін  құрметтей білген  ,

Қағымның тағылымды  ғұрыбы

 

Бүгін міне Елорданың таңы атты

Шуақты  күн   Шілденің белі қатты

Есілдегі   Астана Елорда  атанып

Бойындағы Есілдің қала атанды

 

 

 

 

Зәулім сарай үлкен  үлкен ғимараты,

Түсіп тұр күн сәулесі, шапағатты

Ұлылардың көздері тие тұғын

Міне біздің бас қаламыз Астана!

 

Ей, Астана Еуразияның жүрегісің

Бөрі мінез батырлардың білегісің

Астана тәуелсіз елдің Елордасы

Бейбіт елдің  арман –тірегісің!!!



Бөлісу: