Нурлан Абдикаримов - Жердегі періште

* * Жердегі періште * *

 

Рас!

Оның көзі мөп-мөлдір бұлақ көзі

Өзі-бақыт, арайлы шуақ-өзі

Жаратылыс басталған замандарда

Серік болып келіпті адамдарға

Бір періште...

Сен оны білесіңбе

Кім екенін?

Өмірлік күресіңде

Дұға тілер!

Елендеп тынып көрмей

Талықсысан журетин мұңынды емдей.

Білесіңбе ол жанның кім екенін?

Желбіретіп жүгіріп гүл етегін

Сен үшін жүр екенін...

Жұмыр жердін тау-тасын құмын көріп

Саган мангі журетін ұғындырып.

"Әлди" деген сиқырлы ән самалы

Өн бойыңа дарыткан ой-сананы

Әппақ сүті пәк күйі адал бітті

Сол сүт берді имандық, адалдықты

Жалқы жанды лаулатып, лүпілдетіп

Шөкім бойға журекті салып берген,

Сол әулие Алладан сұрап алып

Өмір деген ертекке алып келген.

Торығардай бөбегі жүрсе мұңнан

Әлде жұрсе қуанып, күлсе шыннан

Жанарына бағалы жас үйеді

...Бүкіл әлем сол жанға бас иеді,

Сондықтанда өмірде биік келед

"АНА" деген періштенің қасиеті...!

 

Нұрлан Абдикаримов.



Бөлісу: