Жүрегімнен жұлып тастай алар ма екенмін?!

Қиын екен,жұлып тастау,көңіліңнен өшіріп,
Барлығы үшін, жүректен шын, кешіріп...
Жүрегімнің жартысын кесіп тастадым,
Жазылып қалған бөлігіне есімің!


Таңырқаулы, жабырқаулы миым да,
Сенуге бұған түсті өте қиынға...
Бір мезетте тұлдыр қалды мына әлем,
Әуендер де кенеттен шорт қиылған.


Сене алар, көне алар емеспін,
Тығылсам да, санамдағы елестен...
Қансыраған жарты жүрек қалайша?!
Шығара қойсын оңайлықпен сені естен!



Бөлісу: