Ақын өлмес

Ақын өлмес

 

Ақын өлмес қабірде жатсадағы,

Сүйекке етсиз тасы батсадағы.

Жазған нақыл айтылар ақыл болып,

Қара сөз тілден тілге жақсадағы.

 

Өлең әуез жүректерге қағылатын,

Сөздер бұлақ төгіле ағылатын.

Қаламгерге рахаттан өмір бойы,

Табылса оқырманы ұғынатын.

 

Шұмақтар негіз өлең құралатын,

Мағына сын ақыннан сұралатын.

Өлеңге бер өлместің ғұмырынан,

Жүрек тауып тамырлап тұралатын.

 

Сөз өлмес тыңдар құлақ табылса бір,

Құлақтан жанға барып танылса бір.

Ағаштан өнделгенді сар тақтайға,

Шегедей балғаменен қағылса бір.

 

Қағаз өлмес сөз өнері жазылса бір,

Кітап өлмес отта жалмап жансада бір.

Ауыздан ауызға көшсе аңыз боп,

Әңгімедей мәңгі бақи қалсада бір.

 

Осыларға қалам негіз өлмейтұғын,

Өлседағы жоғалуға көнбейтұғын.

Ұрпақ өніп тарап кетер алыстарға,

Бала туып өлеңдерді сөйлейтұғын.

 Satirik92



Бөлісу: