Елес қызға...

Қараңғы түн... Желменен жапырақ қалтырайды,
Жап-жарық тым, көшелер жарқырайды.
Тау да үнсіз жамылған қараңғылық,
Жұлдыздар от-шашу секілді жалтырайды.
Бір тыныштық... Үнсіздік... Бір уақыт ойыңды санайтын,
Өзіңнен хабар жоқ, белгісіз қалайсың.
Адаиның сынағы сабырдан болса егер,
Сол уақыт келер ме жүзіңе тойымсыз қарайтын?
Қараңғылық... Мәңгүрт түн, жап-жарық ақ ай тым,
Ақ айға, жұлдызға айна боп ақ айдын.
Көзің бір кей уақыт сол жаққа түсер деп,
Телміріп аспанға минуттап қараймын...
Қара түн... Қуаныш уақыты тағының,
Шимайлап миыңды қанша ой бағы тым.
Біреулер ұйқыда, уайымсыз бақытын берместей,
Ал менде бір арман, ал менде тағы мұң...
Мінезі көрікті, бейнесі айға сын,
Қызғанар табиғат қиылған ай қасын.
Адамнан емес бір елестен болсаң да,
Сағындым көруге, қалқам-ау қайдасың?



Бөлісу: