Бұрын жарияланған өлең

 

Тек сен...                                                       2003 жыл

Өзіңді де, көзіңді де, сөзіңді де сағындым,

Жан сарайым жабырқаулы, жаным мұң.

Сені ойлап сәл мұңайсам тамырда –

Жүгіреді ып-ыстық боп түйіршігі қанымның.

Қорқыт болып шертесің жүрек-қобыз қылдарын,

Жастығымды сулауменен өтті айлар, жылдарым.

Неге мені іздемейсің? Жыр төкпейсің жүректен,

Селт етпейсің, сезімсіз бе әлде менің жырларым.

Ащы жаспен мөлдірейді қарашығы көзімнің,

Жібек жібі үзілмейді мендік мықты төзімнің.

Не етсеңде тек сен ғана менің жалғыз ғашығым,

Тек сен ғана иесісің мендік шексіз сезімнің!..



Бөлісу: