Ана-Жердің құшағында дем алам

Ісім қандай білмеймін,түсім қандай?!
Кең дүниеде күй кешем қысылғандай.
Алқынамын тұншығып дем ала алмай.
Буып тұрған ауаны қысым бардай.

Айналаны аптаған қысым көрем,
Жүрек көнбей қысымға дүсірлеген.
Өмір сүріп үстінде бір кеменің,
Адамды-адам азап-ау түсінбеген.

Кімдер-кімнің көз жасын өткел етер
Уақыт солай жылатар өкпелетер.
Бірін-бірі сиғызбай мына өмірге,
Таласумен тіршілік өткен,өтер.

******

Ісім жалған, болып жүр түсім жалған.
Кешкі күндей өртейді-ау ішімді арман.
Өлетұғын түрім бар өмірдегі-
Құрсап тұрған қысылып қысымдардан....

Қанипа Бұғыбаева.("Ана-Жердің құшағында дем алам" өлеңінен үзінді)



Бөлісу: