Толғауы тоқсан қызыл тіл.

Толғауы тоқсан қызыл тіл.

Жаратқан Аллам,

Сынаққа салған.

Атадан қалған,

Алданыш арман – беу дүние – ай.

          Отымда тұр жағылмай,

          Жырымда тұр жазылмай,

          Атымда тұр шабылмай.

          Шала қазақтардың көбінен,

           Таза қазақтардың азынан.

 Қияда шаппай,

Қисынын таппай.

Тағыма жетіп қайырмай,

Жақсымен жаманды айырмай.

Жеткізбес маған бұл арман,

Шықпаспын менде құмардан.

           Толғауы тоқсан қызыл тіл,

           Абай боп сөйле толғанған.

           Махамбет болғын арланған,

           Мұқағали болшы жыр – жүрек.

           Шәмші болшы той – думан,

           Шаханов болшы хас тарлан.

 Болмасын ондай болған іс,

Болса егер қызыл жолбарыс.

Жамбыл бол жауға әлемдік,

100 – деде берген тойтарыс.  

 Мұқтар Шахановқа

Алыптардың көбі жоқ,

Түсімде көрем оны аға.

Көргім келед өзіңді,

Өмірде бар нар ата,

Мұқтар атты әз аға.

           Арысқа талай түстендім,

          Ағам барма деп жағада.

          Ару қайда деп жағаға,

          Айналыма көз салдым.

          Шәмші барма деп жағада,

         Шәмші қайда деп далама.

 Арыстың суын ішкенмін,

Арысқа талай түскенмін.

Іздеп келген жағаға,

Ініңе аға бір қара.

 Айналайын қазағым!

 Мәңгілік елімізді мәңгілік өркендетер тамырлар өз құндылықтарымызда, тілімізбен дінімізде, оны таза сақтауымыз керек. Бөтен көштің жақсысын ғана алуымыз керек, қақсығын таңсық етуімізді доғаруымыз керек, төрімізді кірлетпеуіміз керек.

           Ақ найзамен білекпен,

           Бірлігін елдің туы еткен.

           Далаңды бабаң жайлаған,

           Наданын құл күң еткен.

 Басыңнан бақ кетпестей,

Өкінішпен өтпестей.

Ерлік еткен қазағым,

Отан десе өшпестей.

           Көшін  жүре түзеген,

          Асарлатып қазағым.

          Жетімін ер жеткізген,

           Базарлатып қазағым.

 Шығарды қазақ атыңды,

Танытты қазақ затыңды.

Үш биіңдей ақылды,

Бірлікте еткен басыңды.

           Абылайдай айбарлың,

           Нұрсұлтаның байрағым.

           Бөгенбайдай батырың,

           Қабанбайдай тақымың.

 Шуақ шашқан күн нұрың,

Темір қазық жұлдызың.

Махамбеттей қазағың,

Ұлы Абайдай таразың.

           Желбіреткен туыңды,

           Ұшырған қыраң құсыңды.

           Көзін ашқан бұлақтың,

           Теңіз етер суыңды.

 Елдігіңді сақтаған,

Ұлт бірлігін жақтаған.

Асылыңды ардақтап,

Тұлпарыңды баптаған.

          Көкпарыңда нарықтың,

          Додасында алыптың.

          Олжа саған Нұрсұлтан,

          Нағыз қазақ ер туған.   

 Қаруын Атом таптаған,

Апаттан жерді сақтаған.

Ақылмен жауын жасқаған,

Әлемнің көшін бастап тұр,

Нұрсұлтан мен Астанаң.

          Бүкіл түркі жұртыңның,

          Басын қосты Түркістан.

         Құл Қожа Ахмет Яссауий,

         Тәуекелің жұлқысқан.

 Тілің, дінің келседе,

Болашаққа бастама.

Қарсы шықтың өзіңе,

Шала қазақ масқара.

        Айналайын қазағым,

        Надандықта азабың.

        Жақсыменен жаманды,

        Айырмасаң тозасың.

 Фарабидей данаңды,

Ұстаз еткен мектебі.

Отырардай қалаңды,

Сол надандық күйретті.

         Алдыңда арман межең тұр,

         Асқақ асу кезең тұр.

         Біліммен бірлік жеткізер,

         Көкке жетпек төбең тұр.

 Ойан, халқым, ойанғын,

Болашаққа жол алдың.

Мәңгілік елміз мәңгілік,

Қыраның қақсын қанатын.

         Елдіктің шықтың қырына,

         Бірліктің шыққын шыңына.

         Шын бақытқа жетесің,

        Ғаламның үңіл сырына.

 Әбу Нәсір Фараби,

Біліміңнің өлшемі.

Құл Қожа Ахмет Яссауий,

Сеніміңнің өлшемі.

         Төле,  Қазбек, Әйтеке,

         Бірлігіңнің өлшемі.

         Бөгенбаймен Қабанбай,

         Ерлігіңнің өлшемі.

 Махамбет жазған отты жыр,

Намысың ар ожданың.

Ұлы Абай айтқан асыл сыр,

Елдігіңе таразың.

          Тұрар шыққан тұғыр төр,

          Тұтастығы түркіңнің.

          Қазақтығың нағыз өр,

          Қасиеті ұлтыңның.

 Алаш Ордаң асылдар.

Жалыңдап өшкен жасындар,

Жеткізем деп қазақты,

Арманда кеткен ғасырлар.  

         Жыр дүлділі Жамбылың,

         Екінші Гомер алыбың.

         Дүние жүзілік соғысқа,

         Көтерген жердің аш ұлын.

 Қазағым жолың жатыр шиырлаған,

Заманға жол көрсеткен қиындаған.

Ұлылығың өзің түгіл өзгеге аян,

Бейбарыстай ұлдарың мойындатқан.

         Керейменен Жәнібек,

         Қайта тіккен байрағың.

         Есім, Қасым, әз Тәуке,

         Әділетті байламың.

 Хан Абылай шапқан жол,

Болашаққа өткелің.

Нұрсұлтан салған нұрлы жол,

Болашаққа жеткенің.

          Мың алғыс Әбішұлы Нұрсұлтанға,

          Озықтығын көрсетті саясатта.

          Әлемдік деңгейдегі салған жолы,

          Қарсы тұрад жағдаймен уақытқа.

 Жеткізер болашаққа жердің шарын,

«Нұрлы жол» салған жолы Нұрсұлтанның.

Миллионыңды Миллиардтар мойындауда,

Қыраның көкте қанат қаққан сайын.

       Барша әлем бет түзеді Астанамай,

       Татулықтың ордасы жас қаламай.

       Барша әлем мойындасын нұрлы жолды,

       Қазақ елін, қазақты Нұрсұлтандай.

 Нұрсұлтан қазағымның жүрегіндей,

Нұр Отан барлық ұлттың тірегіндей.

Көтерген көк туыңды көкке шырқап,

Қазағым Қазақстан білегіңдей.

         Бойлаған терең ойдың тереңіне,

         Жол ашқын көш бастаған өреңіне.

         Қыраның қайта түлеп шарықтасын,

         Алтын күн тұрып қалсын төбемізде. 

 Атымның озған тұяғай,

Тасқа кіргін сынадай.

Әлемдік сара жолдарда,

Бақыт тапсын қазақай.

Қозғалды көш – керуен,

Уа, дариға дүние – ай.

           Атымның озған тұяғай,

           Халқымның жаққан шырағай.

           Атамның елдік ұранай,

           Бабамның арман қиялай.

          Шіркін дүние көш – керуен,

           Уа, дариға дүние – ай!

  Тәліпбек Арыстанбек 87026642355

Жеке ән салушыларған өз өлеңімді арнап шығарам.



Бөлісу: