Алланы есіңе алғайсың!

Алланы есіңе алғайсың!

Осынау күнге жеткенде,
Тағынбай жалған бетперде.
Алланы есіңе алғайсың!
Суығып,уайым шеккенде,
Достарың жырақ кеткенде,
Алланы есіңе алғайсың!

Ата-анам разы болсын деп,
Басыма бақыт қонсын деп,
Алланы есіңе алғайсың!
Жүрекке рахым толсын деп,
Жайсаңдар ғана шолсын деп,
Алланы есіңе алғайсың!

Келеңсіз жағдай тап болса,
Қаралы,күңгірт шақ болса,
Алланы есіңе алғайсың!
Басыңа таудай бақ қонса,
(Отырған орның тақ болса)
Алланы есіңе алғайсың!

Тексізден қашып,безсең де,
(Біреудің жолын кессең де)
Алланы есіңе алғайсың!
Таршылық заман кезсең де,
Баршылық күйін сезсең де,
Алланы есіңе алғайсың!

© Нақпаев Аян 15.XII.2014 жыл



Бөлісу: