Жастар көзқарасы

Ат тұлпары дүбірлеткен даласын,
Қыран құсы қалықтаған тау басын.
Қазақ халқым мекен еткен ежелден
Сахарасын-Дешті Қыпшақ даласын.

Ұрпағымыз ұлы ғұн мен сақтардың,
Сол тегіңді- биік ұстап сақтағын!
Жуас халық басынбаған ешкімді,
Тірескеннің төңкеретін аспанын.

Бұл даламда кімдер туып, өтпеді!
Әл-Фараби, Йасауилер кешегі
Бүкіл әлем ғылымына көп қосқан,
Өз білімін, өз өнерін,өз өлеңін еренді.

Туын биік қойған қан мен жанынан,
Ұрпағымыз көк түріктің-
Өз елдігін биік қойған ата тұғын таңынан,
Үш жүзім бар-үш арысым біріккен,
Көк аспанды ашық ұста бірлікпен!
Сен мақтанған "Тәуелсіздік" ешқашан
Келген емес алауыздық тірлікпен.

Қанша батыр қанын төкті даламда,
Сен соларды ұлықтауды ұмытпа!
Бейбітшілік ата-бабаң аңсаған,
Өз қолыңда, сақтап оны ұлықта!



Бөлісу: