Мұқағали Мақатаевқа
блог
Поэзия қыраны
(Мұқағали ақынға арнау)
Тамылжытқан табиғаттың жыр-әнін,
Жырдан тағып кеудесіне тұмарын.
Аттандырды қайсар ұлын Қарасаз,
Поэзияның ерттеп беріп пырағын.
Хан тәңірінің сұңқар жүрек қыраны,
Таудан аққан кәусар жырдың бұлағы.
Елшенбүйрек,Саржайлау мен Шалкөде,
Қысы-жазы көзді тартып тұрады.
Сол өлкеден қағып ақын қанатын,
Өз тағдырын бетке алған болатын.
Келе жатты ғаламаты ғасырдың,
Келе жатты алау ақын,от ақын.
Қайран ақын қара өлеңнің семсері,
Ақын еді ол елін сүйген еңселі.
Туған елін әнге бөлеп,жырға орап,
Толғанды сан,тебіренді,теңселді.
Мұқағали жарық еді жұлдыздан,
О,құдірет,өлеңнен тау тұрғызған.
Табиғатқа сыймай кеткен сұрапыл,
Сұңқар еді ол көкте қамал бұзғызған.
Өлеңінен өнеге алар өрелі,
Ізіңізден ұрпақ өсіп келеді.
Жырларыңыз жанарларға нұр құйып,
Жүректерді шуағына бөледі.
Аға,сені еске алады өз жұртың,
Қайран ақын,45-те көз жұмдың.
Өлеңінен өзі ескерткіш орнатқан,
Өз еліңмен жасай берші дүлдүлім.
Назым Самет