...

...
жеке
блог
Тойлатып толқын жеңісін.
Көкпенен қылып келісім.
Тамшы боп бəлкім жетер деп.
Жыр оқып тұрам сен үшін! 
 
Жастанып жатам жотаны.
Шақырып шайыр от əні.
Алыстап бара жатсың-ау.
Өлеңнің, ойдың Отаны.
 
Құз болу қайда сендей тым.
Жаныңа барса желкейпім.
Ақша бұлтыңды құшақтап.
Теңізге неге келмейсің?!
 
Кеудеме сені қыса алмай.
Көзіммен болсын, құша алмай.
Ұяң боп өскен, жүрмін ғой.
Ұядай үйден ұша алмай.
 
Дауылға, желге шөкпеген.
Биікте, кезі жоқ төмен.
Оты сөнбеген Отпанға.
Күлімдеп тұршы Көктөбем!