***

***
жеке
блог

Саған деген мендегі көңіл ақ-ты,

Болмысыңнан жүрегім нені ұнатты?!

Мен қашық-ақ жүр едім ғашықтықтан,

Тұрған несі көргім кеп сені қатты...

 

Сені көрсем кетемін гүлденіп шын,

Қылын шерткен сезімнің бір көріксің.

Тілегім мен айналып өлеңіме,

Жүрегімде бүр жарып үлгеріпсің.

 

Сені көрсем келеді өлең жазғым,

Жанарыңнан ойға бай көрем мазмұн.

Ақтарылған көңілден бұла жырым,

Жан-дүниеңді шуаққа бөлер ме аз күн...