ПОЭЗИЯ

Қаламы қарқынды ақын болмасақ та, ақ қағаздың бетіне ойымды өлең арқылы түсіретін кішкене өнерім бар. Көбіне түнгі ұйқы қашып, жалғыздықта жаратылған туындыларым «өлең» болып жатады. Аға буын ақындарымыздың жырларын оқып өссек те, замандас ақынымыз Қалқаман Сариннің «Арманымның бейнесі» жыр жинағы қолға тигелі жырға деген құмарлық артып, бойдағы қабілетті орнында пайдалану сезімі оянғандай болды. Жаңа буын өкілінің жырларынан ерекше шабыттанғандықтанба көп несе жазған жырларым Қалқаман сарынына түсіп кеткендей болады.  Жақында ғана республикалық қоғамдық саяси газеті «Жастар ТODAY» да жарияланған жырларымды сіздердің назарларыңызға ұсынуды жөн көрдім. Оқып, бағасын бере жатарсыздар!!!

Қара өлеңім...

 

Қара жолдың шаңқытып шаң тозаңын,

Қаранғы түн шырқап келем өз әнім.

Қара өлеңім, тастап кетпе ақынды,

Құрысын бәрі, сен кетсең менде тозамын.

 

Құрығын өмір ұзын ғып маған тастаған,

Қайда әкеп соғар бұл тағдыр мені бастаған.

Қара өлеңім қасиетің сенің кетпесін,

Қадірің кетсе құрырым анық, жасқанам.

 

Қаншама жолды өзіңмен соңға тастадым,

Қашпадым бірақ, өзіңнен алыс қашпадым.

Құдіреті мына маған ғана жететін,

Қадірсіз жылдар, солыпта барат жас жаным.

 

Қызыл тілімнің жоғалтып болдық қадірін,

Қайғымыз ортақ, сеніңде жақын қабірің.

Қуанған күнде жазсамда сені өлеңім,

Қайғырған күнде өтіпте кетті зәбірім.

 

Қызғаншақ жалған, қызғанып менен күндерін,

Қызғанышпенен тағдырым неге күндедің.

Қызықтырумен қызыққа толы күндерді,

Қарақшы құсап ұрлайсың менен күнбе күн.

 

Құтты мекен әкемнен, қара шаңырақ білемін,

Құтылуға азаптан, қайтып елге келемін.

Қаршадай жаста елімді, алмасқаммын жырыма,

Қара өлең сен деп кеудемде,  Соғып тұр мына жүрегім... .

 

Аманат... .

 

Аманат мендік бойымда тұрған жанымда,

Аманат мендік тамырда аққан қанымда.

Алланың берген дүниесі тағы аманат,

Аманат мендік көркім боп тұрған тәнімда.

 

Ақырет күні тапсырам бәрін, жалғанның,

Аманат етіп барлығын туа алғанмын.

Ақырғы күнім, ақырғы сәтім жеткенде,

Ақылмен сезсем, осынын бәрі жалған күн.

 

Алланың берген сынағын адал өтейін,

Адалдықпенен ақырғы күнге жетейін.

Ақырын басып жолынан Алла жаңылмай,

Ақырет күні кеудемді кере кетейін!!!

 

Ақымақ болмай ақылдың жолын таңдайын,

Алаулап мәнгі тозақта тағы жанбайын.

Ақырғы күнім, ақырғы сәтім жеткенше,

Ажырамасын сәждеден менің маңдайым.

 

Алдамшы мына жалғанда жансақ жолдарда,

Арбайды әр сәт иесі арам қолдарда.

Арақты ішіп, зинага батып жүргендер,

Ақырет күнін ойласа бір сәт болмайма.

 

Аманат өмір, берілген бәрі аманат,

Алланың берген күніне тәубе, қанағат.

Ақырын ойлап Алланы танып тіріде,

Ақырет күнге болайық дайын жамағат... !

 

Қожакелді Алданов.



Бөлісу: