Піліңе (әліңе) қарап сөйле!

Заманауи соғыстарда танкінің ролі, маңыздылығы қандай болса, ескі заман соғыстарында да сондай рольді пілдер атқарған. Арнайы жетілдірілген соғыс пілдері жеңіске жетудің негізгі қозғаушы күштері болған. Пілдермен жасақталған әскерлер үнемі жеңіске жетіп отырған. Алайда ол кезде пілге қол жеткізу де оңай шаруа болмаған.

Тарих кітаптарында пілді қолға үйретіп, үстіне адам мінгізу арқылы соғысқа аттандыруды алғаш рет парсы патшасы Фарудин Фаррух жүзеге асырған. Шынында да бұрыңғы заманғы Азия аумағындағы соғыстарда ең маңызды рольді пілдер атқарған. Арнайы жетілдірілген соғыс пілдері жеңіске жетудің бірден-бір құралы болып табылған. Олар соғыс пілдерін жылжымалы қорған ретінде пайдаланып, денесіне темірден және мүйізден сауыттар кигізіп, тұмсығына сүйір қылыш байлап, қарсы шыққан аттар мен түйелерді тұмсығымен турап, жайпап өтетін болған.

Иран патшасы Хусрав Парвиздің мың дана ақ пілдері болып, “Менің әскерлерімді ешкім жеңе алмайды” деп маңғазданған. Карфаген патшасы Ганнибал да пілдерінің арқасында Рим қаласын дүр сілкіндіріп, Альпі тауларын асып өткен.

Ал Үндістан патшалары өз үстемдіктерін пілдерінің сандарына қарай көрсететін болған. Мұхаммед пайғамбарымыздың дүниеге келуінен бір жыл бұрын Йемен патшасы Әбрәха пілдерімен Меккеге шабуыл жасайды. Алайда, жеңіліске ұшырайды.

Әмір Темір Үндістанға басып кіргенінде әуелі дұшпан тарапын жеңіліске ұшыратады. Кейін Үндістан патшасы пілдерін қолдана бастайды. Сонда Әмір Темір кері шегінуге мәжбүр болып, басқа бір айла ойлап табады. Соғыс майданына арқасына өрт қойылған түйелерді жіберуді ұйғарады. Соғыс басталған сәтте майданға түйенің үстіне шөп, отын тиеп, оларды тұтандырып пілдерге қарай жібереді.

Мұны көрген пілдер үркіп артқа қарай қашады. Пілдердің көздері кішкентай болғандықтан оттан қорқатындары белгілі болады. Темір ханның бұл жоспары жүзеге асып, Үндістан патшасы жеңіліске ұшырап, тауға қарай қашуға мәжбүр болады.

Әмір Темір Үндістанды жаулап алғаннан кейін әскерлерін күшейту мақсатында осындай құнды қару құралын (пілдерді) көп пайдаланды.

 

Дереккөз: bilim-all.kz

Оқуға кеңес береміз:

Айрықша робот кедергілерден өтуді үйренді

Гипноз туралы ақиқат пен аңы

ҰЛЫҚ АДАМ: Бір аяқты Терри Фокс (143 күн бойы тоқтаусыз жүгірген 23 жасар жас жігіт)



Бөлісу: