Пікір туралы пікір
блог
Қазақ тілінде пікір жазудың неше түрлері бар ,соның бірнешесіне тоқталып өтейін.
Құттықтау. Білмеймін ,мүмкін той тойлау біздің қанымызға әбден сіңіп кеткендіктен де шығар кейбір пікірлер тек құттықтаулардан тұрады. Бізде «қырық күн той, отыз күн ойын» туралы халық ауыз әдебиетінде де бар. Той бізге гендік түрғыда сіңіп кеткен болуы керек , кез келген болар болмас оқиғаны құттықтап не атап өткіміз келіп отырады. Бұл «қасиет» пікір жазғанда да өз септігін тигізбей қоймайды. Оған куә мынадай пікірлердің көптігі: «Жазба құтты болсын!», «Жазба көбейсін!», «Блогың құтты болсын!».
Үздіктер. Бұл категорияға бірінші сыныптан мектеп бітіргенше төрт алып көрмеген, ортаңқол жоғарғы оқу орнын «қызылмен» бітіргендер кіреді. Бұл кісілерге ешкім тіл тигізбеген шын өмірде , өйткені бұлар «үздіктер». Пікіріне күмән келтірсең бітті дей бер. Сен интернетте отырсаңда сені тауып алып отырған жеріңді өртеп , К-700 тракторымен аударып жіберуге дайын. Сарказм , қалжың дегенді мүлдем түсінбейді. Қысқасы ,бұл - үздіктер комплексі.
Ұлтшылдар. Бұл кісілер туралы көп айтылып жүр, айта айта жауыр болған тақырып. Қызық болса абай кз сайтынан көрсеңіздер болады.
Тағы басқа түрлері болса коменттерде бөлісіңдер, немесе өзіңізді жоғарыда жазылған категориялардан көрген болсаңыз мені боқтай берсеңіз де болады