Пияздың сіз білмейтін сырлары
блог
Пияз - барлық жерде кең тараған бақша өсімдігі. Күнделікті қолданатын пияздың сіз білмейтін емдік сырларын оқи отырыңыздар.
1.Пияздың бір басын ұсақтап турап, үстіне бір шай қасық қара бұрыш салып араластырып, осы екі қоспаны жарты литр сүтке пісіреді. Күніне 2 рет (таңертең, кешке) бір ас қасықтан ішіп жүрсе, адамның тәбетін ашып, организмнің жалпы әлсіреуін жояды. Көздің болатын өткірлеп, жүректің шаншып ауырғанын басады. Сондай-ақ бүйрек пен қуықтың, еркектік бездің қабынуын жазады.
2.Тұмаумен ауырғанда пиязды ұсақтап турап, дәкеге түйіп, екі танауға кезекпе-кезек тығып қойса, сырқаттан тез айығады.
3.Пияз сабағын қайнатып, суына бас жуса, шаштың түсуін тоқтатып, шаш түбіндегі қайызғақты жояды.
4.Пиязды сүтке пісіріп алып, мыжып, шиқанға тартса, аузы тез шығады. Ішіндегі өлетін сорып алады.
Ескерту: Пияздан жасалған ішетін дәрілерді шамадан тыс көп қолданса, асқазан мен бауырдың ескі ауруын қоздыруы да мүмкін.
P.S.Міне құрметті оқырман осыны оқи отырып пияздың емдік қасиеттері жайлы таным көкжиектеріңізді кеңейттіңіздер. Еңбегім лайкка лайық болса лайк басып бағалап, пікір жазып кетуді ұмытпаңыздар.