Пияздың пайдасын білесіз бе? Шашты тез өсіру

Пияздың  пайдасын білесіз бе? Шашты тез өсіру
жеке
блог

Біз күнделікті өмірде ас даярлауға пайдаланып жүрген пияздың денсаулыққа да,сұлулыққа да пайдасы жоқ емес.Кейде иісі жағымсыз дейміз.Ал шаштың жібектей болу үшін пияздың пайдасы орасан зор екені туралы кеңестен хабарыңыз бар ма?

Шаштың жұқа болуы,баяу өсуі көптеген қыз-келіншектерді алаңдататыны рас.Шаш жібектей болу үшін пиязды қалай қолдану керектігіне құлақ түріңіз:

Әр ас дайындаған сайын пияздың қабықтарын жинап жүріңіз,себебі ол сізге өте қажет!Неге дейсіз ғой...Себебі шаш күтіміне ең қажетті нарсе ол пияздың қабығы болып саналады.Бір қалта көлемінде жиналған қабықтарды арнайы ыдысқа салып қайнатаңыз.Қоңырқай түсті суды суытып,сусабыннан кейін пайдалансаңыз болады.Қыздар арасында бұл тәсілді қолданушылар көптеп кездеседі.Ем жасаудың жиілігі жайлы айтар болсақ,аптасына екі рет.Тек үзбей қайталап отырыңыз!

Сіздің сыртқы келбетіңіздің мінсіз болуы кез-келген ортада өзіңізді еркін ұстауыңызға септігін тигізеді.Сондықтан өзіңізге әрдайым күтім жасап,қадағалаңыз.Өзгені жақсы көру өзіңізді жақсы көруден басталатынын ұмытпаңыз...