Пиар мамандығы туралы не білеміз?
блог
Жоғары білім, университетте оқыған жылдар – бұл әлемге көз тастау, заманымыздың аса маңызды және мәңгілік проблемаларын ой елегінен өткізу кезеңі болып табылады.
PR (publіc relatіons – көпшілікпен қарым-қатынас) дегеніміз –мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен әлеуметтік құрылымдар арасындағы қарым-қатынастар жүйесі, қоғаммен байланыстардыңжаңа кәсіпкерлік салласы, қоғам мен ұйымдарарасындағы өзара түсінушілікке қол жеткізугебағытталған қызмет.
PR - ұйым мен қоғамның арасындағы өзаратүсіністік пен өзара байланысты орнатып, тұрақтылығын сақтап отыруға, қоғамдық пікірдізерттеуге, оның даму ерекшеліктерін болжап, оғанілтипатпен жауап қайыруға, уақыт талабына сайболуға және ұйымның, оның қызметінің, даму бағытының жағымды бейнесін қалыптастыруғабағытталған басқарудың ерекше қызметі.
XX ғ. ортасынан PR-технологиялар әртүрлісалаларда - саяси компанияларды жүргізуден өзхалқының арасында, қала берді халықаралықдеңгейде мемлекеттің имиджінқалыптастырды.Экономиканың жаһандануыжағдайында елдің жағымды имиджінқалыптастыру экономикалық әріптестік пен экономикалық жағдайдың жақсаруына тікелей әсеретеді, өйткені, мемлекетке және оның агенттерінесенімнің артуына және халықаралық қарыз-несиесаласында елеулі жеңілдіктер алуға септігінтигізеді. Сонымен қатар, PR-технологиялар әртүрліелдермен өз құндылықтар жүйесі мен әлемдікқауымдастық саласында ықпалын арттырудабелсенді түрде қолданыла бастады.
PR - бұл ағылшынша «public relations» сөзініңқысқартылған түрі, оны қазақ тіліне аударғанда, қоғаммен байланыс немесе жұртшылықпенбайланыс деген мағынаны білдіреді. Осы орайда, әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Журналистика факультетінің ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы білім берудегі жаңа бағыттарды ұсынады. Пиар мамандығында білім алушылар коммерция, менеджмент, маркетинг, мәдениетаралық коммуникация, ақпараттық технологиялар, экономика салалары бойынша терең білімге ие болып, дизайн, кинематография, әдебиет негіздерін жетік меңгеріп шығады. Сонымен қатар, PR департаменті бөлімінің басшысы, PR-менеджері, баспасөз хатшысы, PR-менеджер, копирайтер, бренд-менеджер, БАҚ-пен жұмыс жөніндегі менеджер т.б мамандықтарын игеріп шыға алады.
ПЕРИЗАТ Әбділ-Әшім
ҚазҰУ, журналистика факультетінің